Еуропаның елшілері Қазақстандағы трагедия құрбандарына тағзым етті

115
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/XII7jwHtgY8EByy8KBmJPbbH0XRh3kNkzOqNRhzc.jpg

31 мамыр – Қазақстандағы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Алешка Симкич пен ЕО-ға мүше мемлекеттердің елшілері Қарағанды облысындағы Спасск мемориалдық кешенінде өткен гүл қою рәсіміне қатысты.

Іс-шараға Қарағанды облысының ресми өкілдері де қатысып, тоталитарлық режимдердің құрбандарын еске алды. Рәсім барысында саяси қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыз сотталған, хабар-ошарсыз кеткен азаматтардың, сондай-ақ ашаршылық жылдарында қаза тапқан миллиондаған адамның рухына тағзым етілді.

Айта кетсек, Спасск мемориалдық кешені – ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының тағдырын еске салатын маңызды тарихи орындардың бірі. Бұл жерде әртүрлі ұлт өкілдері болған тұтқындар мен тоталитарлық жүйенің зардабын тартқан жандарға арналған ескерткіштер орналасқан.

Қазақстанда жыл сайын 31 мамырда саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандары еске алынып, ел тарихындағы қасіретті кезеңдерден зардап шеккен жандардың рухына тағзым етіледі.

Yorumlar
Diğer Haberler