Канада тұрғынынан хантавирус анықталды

208
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/GS53eZpJkUb4KlszMO8I2ew12IQDNZFIV0X9jzMu.jpg

Канада азаматының бірінен Андес штаммындағы хантавирус анықталды. Науқас бұған дейін вирус тіркелген круиздік кемеде сапарлаған. Бұл туралы Британдық Колумбия провинциясының билігі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна". 

Ресми мәліметке сәйкес, науқасқа қатысты зертханалық тексеру Британдық Колумбия провинциясындағы Виктория қаласының ауруханасында жүргізілген. Талдау нәтижесінде хантавирусқа оң нәтиже шыққаны белгілі болды.

Британдық Колумбия билігі жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді. Әзірге науқастың қазіргі жағдайы мен вирустың нақты қалай жұққаны жөнінде толық ақпарат жарияланған жоқ.

Хантавирус — көбіне кеміргіштер арқылы таралатын қауіпті инфекция. Ал Андес штаммы — Оңтүстік Америкада кездесетін хантавирустың түрі. Мамандар бұл вирустың сирек жағдайда адамнан адамға жұғуы мүмкін екенін айтады.

Қазіргі уақытта эпидемиологтар науқастың байланыста болған адамдарын анықтап, қосымша тексеру жұмыстарын жүргізуде. Билік өкілдері тұрғындарды санитарлық талаптарды сақтауға және денсаулықтағы өзгерістер байқалған жағдайда дәрігерге жүгінуге шақырды.

Yorumlar
Diğer Haberler