Алматыда студент университет ғимаратынан құлап, көз жұмды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/IRg0JexzUVMMvP08VwBkbQKxFhnopp1uZpNljWEI.webp

Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 1-курс студенті университет ғимаратынан құлап, көз жұмды. Бұл ақпаратты оқу орнының медиаорталығы растады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қайғылы оқиға 6 мамыр күні таңғы сағат 09:00 шамасында болған. Студент 8-қабаттан құлап, оқиға орнында қаза тапқан.

Университет мәліметінше, ол «Философия» білім беру бағдарламасының 1-курсында мемлекеттік грант негізінде білім алған.

«Университеттің психологиялық қолдау қызметінің дерегіне сәйкес, студент оқу жылы барысында психологиялық көмекке жүгінбеген және мамандар қабылдауында болмаған. Оның психологиялық жағдайына қатысты ешқандай шағым немесе алаңдатарлық белгі тіркелмеген. Оқытушылардың айтуынша, студент жақсы оқыған, тәртіптік ескерту алмаған», – делінген хабарламада.

Университет басшылығы марқұмның отбасымен кездесіп, көңіл айтып, жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Қазір оқиғаның мән-жайын уәкілетті органдар анықтап жатыр.

Yorumlar
Diğer Haberler