Аурухана құрылысы маңында адам сүйектері табылды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/4E0hHnAP26MqEgmrXtXrNZsrRZcs03ckJrIbOc78.webp

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында жаңа аурухана құрылысы кезінде адам сүйектері табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Куәгерлердің айтуынша, құрылыс алаңынан бас сүйек, жақ сүйегі, қол-аяқ сүйектері анықталған. Алайда соған қарамастан құрылыс жұмыстары тоқтатылмағаны жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырды.

Тұрғындар қазылған топырақтың сүйектермен бірге басқа аумақтарға шығарылып жатқанына алаңдап отыр. Олардың пікірінше, жауын-шашын кезінде бұл қалдықтар өзенге түсуі мүмкін деген қауіп бар. Жергілікті халық бұл аумақта бұрын қорым болғанын, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдары госпиталь жұмыс істегенін айтып, онда қайтыс болғандар жерленуі мүмкін екенін болжайды.

Тұрғындар құрылыс жұмыстарын дереу тоқтатып, толық тексеру жүргізуді талап етуде.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәліметінше, бұл аумақта бұрын да адам жерленген орындар болған. Кейін ол жерде инфекциялық аурухана салынған. Әкімдік өкілдері мұндай жағдайлардың бұрын да тіркелгенін атап өтті.

Ресми ақпаратқа сәйкес, табылған сүйектер тарихи құндылыққа жатпайды және қайта жерлеу рәсімдері жүргізіледі. Ведомство барлық жұмыстар заң аясында атқарылып жатқанын мәлімдеді.

Yorumlar
Diğer Haberler