Украинада Назарбаевқа арналған ескерткіш бұзылмайтын болды – БАҚ

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6rAySx263ecoVYqHKSMB15UdRySKiwRlYMc8vq8e.avif

Украина билігі Каменское қаласында орнатылған Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған барельефті бұзбау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Азаттық радиосына сілтеп.

БАҚ-та тараған мәліметке сәйкес, барельефті алып тастау жөніндегі өтінішті қазақстандық белсенді Тұрарбек Құсайынов жолдаған. Ол өз өтінішінде Назарбаевтың кеңестік кезеңмен байланысын және Ресей басшылығымен қарым-қатынасын алға тартқан.

Алайда Украина ұлттық ескерткіштер институты бұл талапты қанағаттандырудан бас тартты. Институт басшысы Александр Алферов барельефте тыйым салынған символика жоқ екенін және оның “Ресейдің империялық саясатына” қарсы бағытталған декоммунизация туралы заң талаптарына сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

Аталған барельеф Каменское қаласындағы оқу орнының алдында орналасқан. Нұрсұлтан Назарбаев бұл жерде 1958–1960 жылдары білім алған. Ескерткіш 2005 жылы орнатылған.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1989–1991 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарды. Кейін тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті ретінде елді 1991 - 2019 жылдар аралығында басқарды.

Yorumlar
Diğer Haberler