Назарбаевтың 20 миллиардтық әзілі және Қазақстандағы "мұсылмандық атом бомбасы". Аңыз ба, ақиқат па?

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/370MreSJeMT27RAfAOaXXC7RcsAWfSX7oP7YMvLo.jpg

Қазақстандағы "мұсылмандық атом бомбасы" үшін қаражат ұсынғандар туралы мәлімет желілерде қайта тарап жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бір кезде "Хабар" арнасынан берілген сұхбат үзінділері Threads желісінде жарияланған. Жазбада елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен бұрынғы сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың сөзі болған.

БАҚ беттерінде жарияланған мәліметтерде 1992 жылдың басында Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне дипломатиялық арналар арқылы түскен әлдебір хат туралы айтады. Онда бір кездегі Ливия басшысы Муаммар Қаддафи Қазақстан аумағында орналасқан ядролық қаруды сақтап, оны «алғашқы мұсылман атом бомбасы» ретінде қарастыруды ұсынғаны айтылады. Сонымен қатар Ливия тарапы қаруды ұстау үшін көп миллиард доллар көлемінде қаржылай көмек беруге дайын екенін білдірген.

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев сұхбат барысында оған Палестина көсемі Ясир Арафат келгенін айтты. 

«Сол кезде сыртқы істер министрі Қасым-Жомарт Тоқаев болған. Оған осы хат келіп түскен. Кейін Ясир Арафат келіп: “Мен мұны өз атымнан айтып отырған жоқпын, сіздің достарыңыздың атынан келдім”, – деді. Оның айтуынша, оны Муаммар Қаддафи Қазақстандағы ядролық қару жағдайын білу үшін жіберген екен. Әрине, менің ойымда бұл зымырандарды сату деген болған жоқ. Мен жай ғана: оларды ұстау өте қымбат, Қазақстан оған шыдай алмайды дедім,"- дейді Назарбаев.

“Қанша ақша қажет?” – деп сұрады. Ол кезде мен ақшаның көлемін, әсіресе доллармен есептегенде, нақты елестете алмайтынмын. Содан әзілдеп, ойыма келген санды айтып: 20 миллиард доллар дедім. Жай ғана айта салдым, оны әзіл ретінде қабылдайды деп ойладым», – деп еске алады Нұрсұлтан Назарбаев Ясир Арафатпен болған әңгімесін.

Қазақстанның бұрынғы сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың бейнежазбадағы мәліметінше, Алматы әуежайына іші «жасыл долларға» лық толы Boeing 747 ұшағы келіп қонған. Бұл қаражат Қазақстанның ядролық кешенін ары қарай ұстап тұруына және дамытуына арналған алғашқы көмек ретінде қарастырылған-мыс.

Сұхбат барысында 1992 жылдың басында Муаммар Қаддафи Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арнайы хат жолдаған. Хаттың негізгі мазмұнында Қазақстан аумағындағы Кеңес одағынан қалған ядролық қаруды Ресейге бермей, елде қалдыру және бұл қаруды әлемдегі «тұңғыш мұсылмандық атом бомбасы» ретінде жариялау туралы айтылады.

Назарбаев пен Саудабаев айтқан деректерді бүгінге дейін ешкім жоққа шығарған жоқ. Бірақ оның растығын дәлелдейтін басқа қосымша мәліметтер де жарияланбаған.

Yorumlar
Diğer Haberler