Мемлекет басшысы Сербия президентін марапаттады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Wf08RvoEP0laB4d66I3H8RzTlgMikA8NYW8Nmvvv.jpg

Президент Тоқаев Қазақстан мен Сербия арасындағы байланысты нығайтуға қосқан үлесі үшін Александр Вучич еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапаттады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мемлекет басшысы Александр Вучичті елін алға бастап келе жатқан беделді саясаткер ретінде атап өтіп, бұл марапат қазақ халқының Сербия басшысына және серб халқына деген ерекше құрметінің белгісі екенін айтты.

Президенттің сөзінше, екі ел арасындағы қарым-қатынас өзара сенім мен достыққа негізделген. Сауда-экономика, инвестиция және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық нығайып келеді. Қазіргі күрделі кезеңде әріптестікті жандандырудың маңызы зор екені атап өтілді.

Кеңейтілген құрамдағы келіссөздер қорытындысы жария етілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичпен сауда, көлік-логистика, энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект салаларындағы ықпалдастықты талқылағанын мәлімдеді.

Қазір Қазақстанда 60-қа жуық серб компаниясы жұмыс істейді. Дегенмен тараптар сауда айналымын арттырып, жаңа инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға келісті.

Сонымен қатар Астана мен Белград арасында тікелей әуе рейсінің ашылуы, Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің мүмкіндіктерін пайдалану және энергетика саласындағы өзара іс-қимылды күшейту мәселелері сөз болды.

Yorumlar
Diğer Haberler