Қарағандыны қаңғыбас ит қаптады

182
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Wh61kv3hRcq5wPS320D20Zi0jVKXdcnBTdKrmmEY.jpg

Қарағанды облысында қаңғыбас жануарлар мәселесі қоғамдық дабыл деңгейіне жетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әлеуметтік желі қолданушылары мен қала тұрғындары жергілікті биліктен нақты шара қолдануды талап етуде. Соңғы жағдай Әлихан Бөкейхан ауданында тіркеліп, 10 жасар баланың өміріне қауіп төнген. 

Бұл туралы тарихшы Әділет Жағыпар әлеуметтік желісінде жазды.

Оның сөзінше, Чапаев көшесіндегі 176-үйдің маңында қаңғыған иттер үйіндісі 10 жасар Әлихан есімді балаға шабуыл жасаған. Кездейсоқ өтіп бара жатқан тұрғынның араша түсуінің арқасында бала аман қалды. Зардап шеккен жасөспірім бірден №1 ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері аталған дерек бойынша арыз қабылдап, тексеру жүргізуде.

Желі қолданушылары бұл мәселенің жүйелі сипат алғанын айтып, дабыл қағуда.

"Балаларымыздың зәресі ұшты. Сабақтан кешіксе, 'ит қауып алмады ма екен' деп алаңдап отырамыз. Қазір иттер тым агрессивті", - деп жазған желідегі қолданушы.

 "19-шағын ауданда қаптап жүр. Тек балалар емес, ересектердің өзі қорқады", - деп арыздарын да білдірген. 

 

"Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасының 1-бабында "Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары."- деп көрсетілгенін менен жақсы білетін шығарсыздар? 

Ал енді көрейік сол мемлекетіміздің ең жоғары құндылығын жергілікті атқарушы билік өкілдері әкімдер қалай қорғайтынын? Сол қаңғыған иттермен қалай заң аясында күресіндеріңізді? 

Әкім мырзалар неге Қарағанды қаласында қаңғыған иттер мәселесін шешуге не кедергі? 

Менің көрген Аңғар Смағұл, Айсұлтан Жақыпов азаматтар осы мәселені айтудай ақ айтып, қоғам үнін әкім мырзалар Сіздерге жеткізгенімен неге алдын алу шаралары жасалмайды. 

Ал енді келіп қаңғыған иттер менің бауырымды тістеп, өміріне қауіп төндіргенде бір шара қолданатын шығарсыздар?" - деп жазды Әділет Жағыпар. 

Yorumlar
Diğer Haberler