Ресейдің әскери ұшағы "адасып" келгенде АҚШ ұшағы Қазақстан аспанын кесіп өткен

105
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/jdHMhV7wQZ0BZlJXNPVTVe8dbX5X77YeR4opps3Z.png

Қазақстан аумағына Ресейдің әскери ұшағы шұғыл қонып, АҚШ ұшағы ел аспанын кесіп өткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Атыраудағы Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежай аумағына ресейлік Су-30 көпмақсатты жойғыш ұшағы қонған.

Жергілікті басылымдар оқиғаның 20 ақпан күні таңертең болғанын хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақты Ресей Федерациясының азаматы Дмитрий Нифантьев басқарған. Әуе кемесі Каспий теңізі акваториясында әскери оқу-жаттығу ұшуын орындап жүрген.

Ұшу барысында пилот бағытынан жаңылып, кейін шұғыл түрде Атырау әуежайына қону туралы шешім қабылдаған. Қону штаттық режимде өтті, әуежай жұмысына және жолаушыларға қауіп төнбеген. Барлық рейстер кесте бойынша орындалған.

Ұшақ жерге қонғаннан кейін пилотқа медициналық көмек көрсетілді. Қажетті рәсімдерден соң және келісімдерден кейін жойғыш Қазақстан аумағынан шығып, Ресейге қайта ұшып кеткен.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр. 

Сонымен қатар, АҚШ ұшағы Қазақстан аумағын кесіп өткен.

Ол Мурман облысы арқылы Ресей аумағына кіріп, кейін Қазақстанға қарай ұшқан.

Boeing 787-8 Dreamliner – АҚШ-тың Вашингтон қаласындағы Эндрюс әуе базасы авиациялық базасынан ұшып шыққан. Ұшақ Гренландия, Норвегия және Финляндияның әуе кеңістігін кесіп өткен.

Қазақстан уақыты бойынша сағат 11:10-дағы мәліметке сәйкес, әуе кемесі Қазақстанның әуе кеңістігінде болған.

Boeing 787 Dreamliner – ұзақ қашықтыққа арналған, екі қозғалтқышты ұшақ. Бұл ұшақтарды АҚШ-тағы Boeing компаниясы Boeing 767 ұшағының орнына жасап шығарған.

Yorumlar
Diğer Haberler