Құлдық пен азаптауда құжат қысым құралына айналды

211
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/EPD0t7EjHMnYmgmAhkzNOMPyxRmNWAFcK4X0Dliv.jpg

Қазақстандағы адам саудасы мен құлдық көп жағдайда құжатсыздыққа негізделген азаптау жүйесінің айқын мысалы. Елдегі әлеуметтік жүйенің олқылықтарын көрсететін бұл жүйелі проблема қоғам назарынан тыс қалып жатады. Мәселенің төркіні неде?

Адам саудасының құрбаны болған Ақмола облысының тұрғыны Жамалдың (аты өзгертілген) оқиғасы Қазақстандағы ең осал топтардың, атап айтқанда, жетім балалардың қалай мәжбүрлі еңбек құрығына түсетінін көрсетті. 44 жастағы Жамал өзінің басынан өткен ауыр жағдайларды бізге айтуға біраз қиналды. Бәлкім қайтадан есіне түсіргісі келмеген де болар. Дегенмен онан сұқбат алып, мән-жайды тереңінен зерттедік.

ТУЫСЫҢ КЕЛСЕ, ЖАМАН ОЙЛАМАЙСЫҢ”

Жамал алғаш мәжбүрлі еңбекке 15 жасында тап болыпты. Сөзінше, оны балалар үйінен анасы жағынан туыс тәтесі алып кеткен.   

“Балалар үйі кәдімгідей. Ол туралы еш жаман сөз айта алмаймын. Бірақ тәтем мені алып кетуге келгенде бірден келістім. Туысың келсе, олармен бірге кетуге келісесің ғой, жаман нәрсе туралы ойламайсың”, - дейді Жамал баяғы сезімін еске алып.

Алайда бұл «бостандық» оның құжатсыз және құқықсыз өмірінің бастауына айналады. Тәтесі оны тұрғылықты мекен жай бойынша еш жерге тіркемеген. Ең өкініштісі - 16 жасында жеке куәлігін де рәсімдемеген.

Тәтесі Жамалды құрылыста жұмыс істеуге үйреткен, әктеуді, бояуды көрсеткен. Ол алғашқы табысын сол жерден тауыпты. Әрі қарай Жамалдың жағдайы қалай болғанын бізге «Қайсар» қорының төрайымы айтып берді.

ШЫН МӘНІНДЕ БҰЛ ЖАСЫРЫН АДАМ САУДАСЫ”

Қазіргі заманғы құлдық формалары адам саудасының бір бөлігі ретінде қарастырылады. “Қайсар” қорының жетекшісі Оксана Тарабукинаның сөзінше, “құлдық” деген ұғым Қазақстан заңнамасы бойынша құқықтық термин емес. Оның орнына “адам саудасы” деген термин қолданылады, негізгі элементі - эксплуатация.   

“Менің ойымша “құлдық” деген сөзді тырнақшаға алған жөн. Өйткені Қазақстанда қазіргі заманғы құлдық деген құқықтық термин жоқ. Ол көбіне бейресми, тұрмыстық жағдайда қолданылады. Бүгін “заманауи құлдық” деп жүрген құбылыстар заңда “адам саудасы” деп аталады. Оның негізгі элементі – азаптау” ,- дейді Тарабукина.

2024 жылдың 5 қыркүйегінде қабылданған “Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы” жаңа заңда “мәжбүрлі еңбек” деген термин нақты бекітілген. Бұл қазіргі азаптаудың астарлы, жасырын түрлерін қамтитын негізгі элемент.

Азаптау, алдау, қарыздық тәуелділік, күш қолдану немесе қорқыту, сондай-ақ адамның әлсіз жағдайын пайдалану арқылы жүзеге асады. Әлсіздік әлеуметтік, қаржылық, денсаулық жағдайына, жасына, толық емес отбасы және басқа да факторларға байланысты болуы мүмкін. Адам азаптауға ұшыраған жағдайда жұмыс орнын еркін тастап кете алмайды немесе еңбек шарттарын өзгерте алмайды. Азаптаудың кең тарлаған белгілеріне паспорт пен құжаттарды алып қою, жалақыны кешіктіру немесе мүлде төлемеу, еркін қозғалысты шектеу, зорлық-зомбылықпен немесе шетелдік болса, депортациямен қорқыту жатады. Сондай-ақ қарыздық тәуелділік де бұл тізімге енеді.  

Бүгінде азаптаудың бірнеше жаңа формалары бар. Бұрын қинау көбіне сексуалдық немесе ауыр физикалық еңбекпен және антисанитарлық жағдайлармен байланысты болса, қазір жағдай өзгеріп, эксплуатация әдістері жасырын сипат алуда. Мамандардың сөзінше, мысалы жасырын манипуляция, қайыршылардың жағдайын сырттай жақсы көрсету, мигранттарды азаптаусекілді әдістер кеңінен таралып келеді.

“Мәселен, ауыл шаруашылығындағы мәжбүрлі еңбек. Бұрын адамдарды шынымен құл сияқты ұстаса, қазір оларға жақсы тамақ, қалыпты баспана береді. Бірақ әйел немесе отбасы болса, олардың баласын жұмыс беруші өз үйінде қалдырады. Бала мектепке барып, жағдайы жақсы көрінгенмен іс жүзінде ол қамаудағы кепіл, -  дейді құқық қорғаушы.  

Оксана Тарабукина

Сондай-ақ қайыршылық арқылы да адамдарды эксплуатациялау жиі кездеседі екен. Соңғы резонансты іске қатысты аяқ-қолдан айрылған ер адам мен оның әйелі (ол бастапқыда бірге тұратын серігі болған, кейін ресми некеге тұрған) екеуінің баласын эксплуататорлар тартып алған. Бала эксплуататордың туысының қолында өсіп, ата-анасына қарсы манипуляция құралына айналған.

«Балаңды көргің келе ме? Онда жұмыс істе» деген сияқты айла-шарғылар әлі күнге дейін бар. Сырт көзге бәрі жақсы, бірақ шын мәнінде бұл адам саудасы”, - Оксана Тарабукина.  

Осындай мәжбүрлі еңбек көбіне ауылдық жерлерде, шаруашылықтар мен құрылыс нысандарында кездеседі. Себебі мұндай жұмыстарға жергілікті халық барғысы келмейді. Сондықтан жұмыс берушілер көбіне Орталық Азия (Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан) елдерінің мигранттарын тартады. Мамандардың сөзінше, мұндай жағдайда паспорт немесе тіркеу мәселесі арқылы манипуляция жүреді. Егер жұмыс беруші уақытында тіркеу жасамаса,мигрантты депортациямен қорқытады. Көбінесе,мигранттар мұндай мәселелерді жасырады, себебі депортация олардың табыс табу мүмкіндігін бес жылға дейін шектейді.  

Айнұрдың жағдайы «Қайсар» қорының жетекшісі Оксана Тарабукина атап өткендей, мәжбүрлі еңбектің жасырын формасына келеді. Оның эксплуатациясы физикалық зорлық-зомбылықпен емес, құжатсыздық, мәжбүрлі еңбек және әлеуметтік оқшаулау арқылы болды. Жамал 19 жасында балалар үйінде бірге өскен ер азаматқа тұрмысқа шығады. Тәтесінен кеткен соң, өмірінің басым бөлігін түрлі Қарағанды облысындағы фермерлік шаруашылықтарда өткізді. Сиыр бағу, оны сауу, үй шаруашылығы сияқты ауыр жұмыстардың барлығын атқарған екен. Сондай-ақ тәтесімен байланысты толықтай үзген.

“Көп уақыт жұмыс істейсің, ақшаны аз төлейді немесе мүлдем төлемейді. Содан ол жерден кейін кетуге де мүмкіндік бермейді», - дейді Жамал.

Соңғы жұмыс орнында ол алты жыл бойы құжатсыз өмір сүрді. Сол кезде баласы да дүниеге келген екен. Алайда оның күйеуінде де құжат болмаған. Сөзінше, ер азамат оны жоғалтып алған.  

«Олар жылусыз, сырттағы дәретханасы бар шағын жертөледе тұрды. Пеш ұйықтайтын бөлмеде болған. Ол, күйеуі және ортақ баласы бірге тұрды. Баласы дүниеге келгенде жедел жәрдем шақырылмаған, ол ешқашан тексеруден өтпеген. Баласы 6 жасқа дейін құжатсыз өсті», - деп дағдарыс орталығының төрайымы әңгімені жалғады.

Эксплуатацияның дәстүрлі формаларынан бөлек,  XXI ғасырда жаңа бағыттар пайда болды. Соның бірі – цифрлық эксплуатация. Бұл формаға сәйкес жастарды шетелге “онлайн-жұмысдеп шақырып, кейін киберфермалар мен онлайн-алаяқтық схемаларына мәжбүрлеу жиіледі. Қазақстандағы жалған “банк қызметкеріқоңыраулары сияқты қылмыстарды орындайтын тұлғалар жастар. Олар заңсыз әрекет жасаған соң, қылмыстық топқа тәуелді болып, қылмыстық қызметтіңқұлынаайналады.  

Сондай-ақ қазір есірткі заттарын жасау арқылы ақша алған жастар кейін манипуляция құрбаны болып кетеді. Сарапшылар бұл жаңа форманы“наркотрафик” деп атайды. Ал эксплуатацияныңең жаңа түрівебкам эксплуатациясы.   

Бұл  онлайн индустриядағы сексуалдық және еңбек азаптауы. “Жоғары табыс” деген желеумен жас қыздар мен жасөспірімдер, оның ішінде ұлдар да тартылып, қылмыстық схемалардың тұзағына түседі.

“Мәселен жастарды шетелде жұмыс істеу немесе онлайн табыс табу деген уәдемен тартып, кейін оларды онлайн алаяқтық, қаржы пирамидалары немесе киберфермаларда мәжбүрлі жұмыс істеуге итермелейді… Сол сияқты есірткі таратумен де байланысы бар. Мысалы, есірткі жеткізуші ретінде бірнеше тапсырма орындаған адам кейін өз ісінің заңсыз екенін түсініп, эксплуататордың құрбанына айналады”, - дейді “Қайсар” қорының жетекшісі.  

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МӘСЕЛЕНІҢ АУҚЫМЫ

Қазақстандағы адам саудасы  жасырын, латенттік қылмыс. Сарапшылардың айтуынша, оның нақты ауқымын бағалау қиын, себебі негізгі көрсеткіш ретінде тіркелген қылмыстық істердің саны шынайы жағдайды толық көрсете алмайды. Сондай-ақ  құқықтық нормалардың кейбірі ашықтықтың жеткіліксіз болуына әсер етеді дейді мамандар.  

“Мәселен жыныстық азаптауға қатысты жағдайлар бойынша айтар болсақ, кейбір заңдар өздері-ақ ашықтықтың болмауына ықпал етіп отыр. Мысалы бүгінде көптеп кездесетін жабық массаж салондары бар. Құжатта олар заңды жұмыс істейді деп көрсетілгенімен, іс жүзінде бәрі басқаша. Мәселе ашықтықта емес, қолжетімділікте. Неге бұлай? Себебі мұндай орындарға кіру шектелген, олар жеке аумақ. Дәл осындай жағдай құрылыс саласында және басқа да кейбір бизнес түрлерінде кездеседі”, - дейді Тарабукина.  

Дегенмен біздің елде  мұндай жағдайларға мониторингтік топтар, еңбек инспекциясы, прокуратура және полиция тартылғанымен, олартікелей тексеру жүргізе алмайды. Себебі, заң бойынша тек шағым болған жағдайда ғана тексеріс жасалуы керек.

The Times Of Central Asia-ның дерегіне сәйкес, өткен жылдың алғашқы жартыжылдығыныңөзінде Қазақстанда еңбек және жыныстық эксплуатация құрбаны болған 1891 адамға көмек көрсетілген. Global Slavery Index (GSI) 2023 жылғы есебінде Қазақстанда адам саудасына қатысты құрбандар саны 208 мың адам болуы мүмкін делінген.  

“Қайсар” қорының жетекшісі Оксана Тарабукинаның ұсынған статистикалық деректерінде 2024 жылы 445, ал 2025 жылдың басынан шамамен тамыз айларына дейін 285 қылмыстық істің тіркелгені көрсетілген.  

фото: Оксана Тарабукинадан

ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ АДАМЫ ЕМЕС СИЯҚТЫ”

Мамандардың сөзінше, адамдарды осал топқаайналдыратын әлеуметтік және экономикалық факторлар көп. Ең алдымен, бұл адамның денсаулығы мен физикалық жағдайына байланысты екен. Түрлі аурулар, психикалық ауытқулар, дамудағы кешеуілдеу немесе мүгедектік адамды әлсіз әрі тәуелді күйгетүсіреді. Тұрақты мекенжайы жоқ адамдар, тұрмысы қиын тұлғалар, толық емес отбасылардан шыққандар, балалар үйінде өскендер, жалғызбасты аналар мен әйел-мигранттар да осал топқа кіреді дейді мамандар.  

Сондай-ақ психологиялық тұрғыдан ұзақ мерзім бойы құжатсыз жүру, үнемі бақылау, әлеуметтік оқшаулау және тұрақты қорқыныш созылмалы травмаға әкеледі дейді сарапшылар. Психологтардың айтуынша, мұндай жағдайда адамда «лимбо» күйі, тұрақты алаңдау және иерархиялық тәуелділік дамиды.

“Зерттеулер көрсеткендей, құжатқа қатысты мәселелер мен заңсыз мәртебе адамды әлеуметтік, медициналық және психологиялық қолдаудан айырып, травманың әсерін күшейтеді: симптомдар созылады, өз-өзін қорғау қабілеті әлсірейді, өмір сапасы мен функционалдық қабілеті нашарлайды. Мысалы жұмыс істеу, қарым-қатынас, күнделікті тапсырмаларды орындау сияқты.  Бұл – «комплекс PTSD» (қоғамдықфункционалдық дискриминация, өзіндік тұлға өзгерістері) қаупіне әкеледі” ,- дейді психолог Айгүл Наурызбаева.

Айгүл Наурызбаева

Құжатсыз өмір, үздіксіз бақылау және әлеуметтік оқшаулану кейіпкеріміз Жамалды да психологиялық тұрғыдан толық тәуелді болуға әкеп соқтырды.

Ол қазіргі қоғамнан мүлдем оқшауланған. Қарапайым батырмалы телефонды пайдалана алмайды, сауаты төмен. Интернетті, QR-кодтарды түсінбейді. Қазіргі заманның адамы емес сияқты, 44 жаста болса да. Олүнсіз ғана бәрінорындайтын, ешқашан шағымданбайтын адамдар қатарынан”, - дейді қор басшысы.

Жамалдың сөзінше, қашып кетсе баратын жеріболмағандықтан кете алмаған. Оған қолма-қолақша бермей, тек азық-түлік пен ескі киім берген екен. Уақыт өте келе, қашуға мүлдем қорқа бастапты.

«Себебі қазіргі әлемді түсінбей, қайда баратынымды білмедім», - дейді ол.  

Оған жұмыс істеген фермаларында үнемі дауыс көтерген, ал бұрынғы еңбек орындарында тіпті ұрып-соққан. Алайда ұйым жетекшісі Жамалдың жанжалдаса алмайтынын айтады.

«Ол тек айтқанды үнсіз орындағанды жөн көреді.Жұмыс берушілер жылдар бойы құжат жасап береміз деп уәде еткенімен, орындамаған», - дейді.

Ал көптеген жәбірленушілер тіпті құтқарылғаннан кейін де «қайта ұстап алады» немесе «балама зиянын тигізеді» деген қорқыныштан арыла алмайды екен.  

ӘДІЛДІККЕ АПАРҒАН ТӨРТ АЙЛЫҚ ЖОЛ

Жамалдың бүгінгі жалғыз арманы  өзіне және баласына құжат алып, оны мектепке беру. Дағдарыс орталығына келгеннен кейін, оның құқықтық мәселесінің қаншалықты күрделі екені анықталды. Тәтесі оны балалар үйінен алып кеткенімен, қорғаншылықты рәсімдемеген, сондықтан құжат жасауға заңды өкіл бола алмаған. Ол есейгеннен кейін туу туралы куәлігін де жоғалтқан.  

“Біз оның туу туралы куәлігін қалпына келтірдік, сотқа дейінгі тану процесін жүргіздік. Ол Қазақстан азаматтығын алмаған екен, қазір азаматтықты қабылдауда, ЖСН алып жатыр. Осылайша біз оның құжаттарын төрт айға жуық уақыт ішінде жасадық», – деп төрайым туындаған қиындықтарды атап өтті.

Жалпы Жамалдың оқиғасы Қазақстандағы адам саудасының жасырын және көп жағдайда құжатсыздыққа негізделген азаптау жүйесінің айқын мысалы.  Сонымен қатар елдегі әлеуметтік жүйенің олқылықтарын көрсететін жүйелі проблеманың көрінісі.  

Луиза Әлиасқарова

Yorumlar
Diğer Haberler