Қырғызстан премьері БАӘ-дегі қырғыз кәсіпкерлері ашқан су зауытын аралады

145
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/JmZPO3mo7J6Mo3blCWD0ZRCozZAIMrQe8ADCHWfL.webp

Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы Әділбек Қасымалиев Біріккен Араб Әмірліктерінде орналасқан Epos Water Production LLC су өндіру зауытында болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сапар барысында Қасымалиев кәсіпорынның өндірістік цехтары мен технологиялық желілерін аралап көрді. Аталған компания бөтелкеленген ауыз су мен сусындар өндірумен және құюмен айналысады. Зауыттың өндірістік қуаты тәулігіне 50 мың бөтелкеге дейін жетеді. Кәсіпорын заманауи құю желілерімен және суды көпсатылы тазарту жүйесімен жабдықталған.

Қырғызстан премьерінің айтуынша, БАӘ нарығы әлемдегі ең қарқынды дамып жатқан нарықтардың бірі саналады. Оның пікірінше, қырғыз компаниясының бұл нарыққа шығуы ұлттық бизнестің бәсекеге қабілеттілігі мен дамығанын көрсетеді.

Сапар аясында тараптар су дайындау технологиялары, ауыз су өндірісі саласындағы озық тәжірибелер, сондай-ақ өзара ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін талқылады.

Yorumlar
Diğer Haberler