Тілді шұбарлап жүргеннің бірі өзім екенімді ұқтым...

206
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/yav1esIawMyaC4vg5jUe8aowaiGVFpa7ZoT9bhYP.jpg

Құдай-ау, қасиетті қазақ тілінің мол сөздік қорын, құдыретін жаппар ием маған беріп қойғанда, оны неге таза, саф, көркем күйінде қолданбай жүрмін деген біртүрлі өкініш өзегімді күйдіріп өтті. 

Өзім де оңбаймын ғой. Тілімді кесіп алса, обалым жоқ!

Кеше кеште таксиге отырдым. Жүргізуші орыс азаматы екен. “Здраствуйте” деген сөз аузымнан сумаң етіп шығып үлгерді. “Саламатсыз ба?!” деп тіл қатты таксиші. Басымнан жалпақ таспен қойып қалғандай болдым. Сосын жол ақысын аудара қояйын деп: “Номер?..” деп айта бастағаным сол, “Менде кюар, соған аударасыз” деді тағы да таза қазақша. 

Жүріп келе жатқан көліктен секіріп түсіп, ол мені таптап кетсе обалым жоқтай күй кештім. Шын айтамын! 

Тілдің дамуына тұсау салып, оны шұбарлап жүргеннің бірі мына өзім екенімді ұқтым. Құдай-ау, қасиетті қазақ тілінің мол сөздік қорын, құдыретін жаппар ием маған беріп қойғанда, оны неге таза, саф, көркем күйінде қолданбай жүрмін деген біртүрлі өкініш өзегімді күйдіріп өтті. 

Көліктен түсіп бара жатқанымда: “Сау болыңыз! Күніңіз сәтті өтсін!” деді ғой анау...

“Спасибо!” демедім. Сасқанымнан “Аумин, рақмет!” дедім…

"Ауминім" артықтау болды-ау...

Маржан Кәрімжанқызы

Yorumlar
Diğer Haberler