Үкімет инфляцияны тежеу жөніндегі шараларды күшейтпек

504
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vvbdiwJI9UM4AbAyV97xje3wKqv4Hy3IISrTaTPL.jpg

Үкімет инфляцияны 9-11%-ға дейін төмендету үшін шаралар кешенін қабылдайды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, бағаларды тұрақтандыру үшін осы жылдан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі 19-дан 31-ге дейін кеңейтілген.

Сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтері өскен кездегі тигізетін ықпалы қатаң қадағаланбақ. Ол инфляцияның нысаналы параметрлеріне байланысты шектелетін болады.

Одан бөлек, бизнеске қолайлы болуы үшін және Салық кодексін тиімді енгізу мақсатында Жобалық кеңсесі құрылған. Бұл консультациялар мен сүйемелдеу үшін бірыңғай терезе болады. Түсіндіру жұмыстары 130 мың кәсіпкерді қамтыды, пікірлер мен ұсыныстарды есепке алу үшін конструктивті диалог жолға қойылды.

«Жоспарланған шаралар халқтың әл-ауқатының артуымен қатар жүретін одан әрі орнықты және сапалы өсу үшін негіз жасайды. Барлық сындарлы ұсыныстар мұқият қаралып, қорытындысы бойынша түзетулер енгізудің орындылығы мен қажеттілігі айқындалатын болады»,-деп атап өтті вице-премьер.

Yorumlar
Diğer Haberler