Тоқаев «тарихи жарақат алған ұлт» дертінен арылуға шақырды

238
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/scrhiRiO7m9lKyPUbBHmcV2aSwMcZwAyF7tal9bZ.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды «тарихи жарақат алған ұлт» психологиясынан біржола арылуға үндеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мемлекет басшысы бұл пікірін Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысында айтты.

Президенттің сөзінше, өткеннің қасіретіне байланып, барлық қиындықты өзге халықтардан көру – кешеумен өмір сүрудің көрінісі.

«Біз “тарихи жарақат алған” ұлт психологиясынан біржола арылуымыз керек. Бүкіл әлем өзгеріп жатыр, бізге де өзгеретін уақыт келді. Біз – болашағы жарқын, жолы ашық жас мемлекетпіз. Сондықтан тек алға қарай жүруіміз қажет», – деді Тоқаев.

Президент қазіргі жаһандық өзгерістер жағдайында Қазақстанға батыл, дәстүрлі емес және инновациялық шешімдер қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, үлкен әрі түбегейлі өзгерістер уақыты келді.

«Үндеуді ең алдымен мемлекеттік қызметшілерге, кәсіпкерлерге және ғалымдарға арнаймын. Еліміз жаңа тарихи шындықта лайықты орын алуға тиіс», – деді ол.

Yorumlar
Diğer Haberler