Жалпыұлттық референдум қашан өтеді? Президент жауап берді

226
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/G0gjIXjFyv5jM9oE1Bd786hFZZbKAvgVWdl0zAOp.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 20 қаңтар 2026 жылы Ұлттық құрылтайдың V отырысында жалпыұлттық референдумның күнін Конституциялық комиссия жұмысы аяқталғаннан кейін анықталатынын хабарлады, деп жазады "Адырна" тілшісі.

Мемлекет басшысының айтуынша, бастапқыда парламенттік реформалар аясында Конституцияның шамамен 40 бабына түзетулер енгізу жоспарланған болатын.

«Алайда жұмыс барысында түзетулер саны едәуір артып кетті. 2022 жылғы реформада 33 бап жаңартылған еді. Ал қазір өзгерістер одан да ауқымды. Біз іс жүзінде жаңа Конституция қабылдауға бет алғалы отырмыз. Сондықтан мен Конституциялық комиссия құру туралы шешім қабылдадым. Ертең тиісті жарлыққа қол қоямын», – деді Тоқаев.

Комиссия құрамына 100-ден астам азамат кіреді, олардың қатарында Ұлттық құрылтай мүшелері, белгілі заңгерлер, БАҚ жетекшілері, маслихат төрағалары, үкіметтік емес ұйымдар мен басқа да білікті мамандар болады. Комиссия жұмысына Конституциялық сот төрағасы жетекшілік етеді.

«Комиссия барлық ұсыныстарды талдап, жүйелеп, нақты түзетулер жобасын әзірлейді. Содан кейін жалпыұлттық референдумның датасы белгіленеді», – деп толықтырды Президент.

Yorumlar
Diğer Haberler