«Иран халқы жалғыз емес». АҚШ БҰҰ-да Ирандағы наразылықтарға қолдау білдірді

106
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/x4GBdbRd3PRe7X8h0ytvCeiIM9LWHj8oZN4i1Hor.webp

Ирандағы соңғы наразылық акцияларына байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі шұғыл отырыс өткізді. Бұл жиын АҚШ бастамасымен шақырылып, Ирандағы жағдай халықаралық қауіпсіздік тұрғысынан талқыланды.

БҰҰ жанындағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Майк Уолтц өз сөзінде Иран билігін азаматтарға қарсы зорлық-зомбылық көрсетіп, жаппай қуғын-сүргін жүргізіп отыр деп айыптады. Оның айтуынша, режимнің өз халқына қарсы қолданған күш деңгейі ішкі мәселе шеңберінен асып, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке тікелей әсер ете бастаған.

Уолтц Тегеран билігі бұл жағдайды «өзіміздің ішкі ісіміз» ретінде көрсетуге тырысатынын айтты. Алайда ол мұндай ұстанымды «мүлде жалған әрі адастыратын пікір» деп бағалады. Сондай-ақ қазіргі жағдай БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тікелей назарын және араласуын талап ететінін жеткізді.

«Иран халқы Ислам Республикасының бүкіл тарихында бұрын-соңды болмаған деңгейде еркіндік талап етіп отыр», – деді дипломат.

БҰҰ-да Ирандағы ахуалға қатысты өткен отырыста АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Майк Уолтц елде жалғасып жатқан жаппай наразылықтарға байланысты мәлімдеме жасап, Вашингтонның ұстанымын жария етті. Ол көшеге шығып жатқан азаматтардың қарусыз әрі бейбіт екенін атап өтіп, АҚШ Иран халқын қолдайтынын жеткізді.

Уолтцтың айтуынша, наразылыққа шыққан адамдар – өз елін сүйетін патриоттар және жақсы болашақ үшін заңды талаптар қойып отырған азаматтар.

«Көшеге шыққан адамдар – қарусыз әрі бейбіт тұрғындар. Олар өз елін сүйетін және жақсы болашақ үшін заңды талаптар қойып отырған патриоттар», – деді АҚШ өкілі.

Ол сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамп пен Америка Құрама Штаттары Иранның батыл халқына қолдау білдіретінін мәлімдеді.

 

Yorumlar
Diğer Haberler