Бісімілла. Жақында ЖИ имам пайда болады

222
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/fGHXIP8uctlmQUvWMVCn5iaXoYzivRk4UaRLavnY.webp

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін IMAM AI мобильді қосымшасын іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жаңа жоба жөнінде ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2026 жылға арналған бағдарламалық баяндамасында мәлімдеді.

Оның айтуынша, жасанды интеллект технологияларын діни салаға енгізу имамдардың жүктемесін азайтып, жамағаттың сенімді діни ақпаратқа жедел қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

«Заман талабына сай жасанды интеллект мүмкіндіктерін діни салада жүйелі түрде қолдануымыз қажет. Бұл халықтың діни сұрақтарына нақты әрі сенімді жауап беруге, сондай-ақ дін қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетуге жол ашады. Осыған байланысты сенімді дереккөздерге сүйеніп, діни сауалдарға жедел жауап беретін “IMAM AI” мобильді қосымшасын ұсынамыз», – деді бас мүфти.

Жоспарға сәйкес, IMAM AI күнделікті өмірде туындайтын діни сұрақтарға нақты уақыт режимінде жауап береді.

Yorumlar
Diğer Haberler