Атбасардағы азаптау ісі. Прокуратура ақтау үкіміне қарсылық білдірді

82
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6meEqs8BnZen8oc4fOEGn3w0FwK2sTZlQTJU5IJg.jpg

Прокуратура Атбасар колониясындағы азаптау ісі бойынша шығарылған ақтау үкіміне қарсылық білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп.

Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, «үкім заңды күшіне енген жоқ. Іске апелляциялық өтініш берілді, қазір іс апелляциялық инстанцияға жолдану сатысында» деп хабарланды.

Прокуратура нақты қандай процессуалдық нормалардың бұзылғанын егжей-тегжейлі түсіндірмеді. Дегенмен ведомство өкілдері қарсылықтың «қылмыстық-процессуалдық заң нормаларының бұзылуына байланысты» енгізілгенін атап өтті. Сондай-ақ зардап шеккендер де шағымданған.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі прокуратура мен зардап шеккендерден келген шағымдардың расталғанын хабарлады. Бұған дейін Ақмола облыстық арнайы ауданаралық қылмыстық істер сотында Атбасар колониясындағы азаптау ісі бойынша сот үкімі шыққан еді.

Еске салсақ, бұл екінші ақтау үкімі. 2025 жылы да жюри мүшелері Атбасар колониясының қызметкерлерін кінәсіз деп таныған, бірақ Акмола облыстық соты үкімді заңбұзушылықтарға байланысты жойып, іс қайта қарауға жіберілген еді. Алғашқы сотта іс бойынша қатысы жоқ сұрақтар қойылуы мүмкін деп, жюри мүшелерінің алдын-ала пікірі қалыптасуы мүмкін деп көрсетілген.

Ал 2023 жылы желіде сотталушы Тимур Данебаевтың Атбасар колониясында азапталған видеосы тараған.

Yorumlar
Diğer Haberler