Тоқаев Жамбыл облысына барды. Тұрғындармен кездесу өтеді

164
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/0zaNKzI5pSyMKn8AewyEIICUqnHNQAkhvLfTNF3v.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы бүгін, 25 желтоқсанда Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Президенттің жұмыс сапары «Әмір және Д» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметімен танысудан басталды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа медициналық препараттар мен дайын өнім түрлерін шығаратын негізгі цехтың жұмысы көрсетілді.

«Әмір және Д» ЖШС-і әлеуметтік маңызы бар ауруларды диагностикалауға арналған жедел тестілердің көптеген түрін шығарады. Бұл өнімдер В және С гепатитін, ВИЧ-инфекциясын, миокард талмасын, сондай-ақ есірткі және психотропты заттарды анықтай алады. 

Сондай-ақ мемлекет басшысына «Super-pharm» фармацевтикалық компаниясының жұмысы туралы ақпарат берілді. Бұл – елімізде медициналық бұйымдар өндіретін жетекші кәсіпорындардың бірі. Зауытта 600-ден аса еңбеккер жұмыс істейді. Компания отандық нарықтағы бір реттік қолдануға арналған медициналық бұйымдарға сұраныстың 30 пайызын қамтамасыз етеді.

Президент отандық фармацевтика индустриясының дамуы импортқа тәуелділікті төмендетіп, ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуда маңызды екенін атап өтті.

Айта кетейік, жұмыс сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар экономиканың түрлі секторындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысып, облыс жұртшылығымен кездеспек.

Yorumlar
Diğer Haberler