Назарбаевтан соң. Президент Тоқаев Әзербайжан басшысын туған күнімен құттықтады

165
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/xLVFCtRVMN2JdEaYJl8JkjrT8jZbTtXIgEeanpfU.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы бүгін, 24 желтоқсанда Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, оның бауырлас әзербайжан халқының игілігі жолында атқарып жатқан жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қазақстан басшысы Әзербайжанның егемендігі мен мемлекеттілігін нығайтуда, сондай-ақ тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етіп, елінің халықаралық аренадағы беделін арттыруда Ильхам Әлиевтің айрықша рөл атқаратынына тоқталды.

Мемлекеттер басшылары қазақ-әзербайжан қатынастары қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстарды одан әрі нығайту, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты күшейту перспективасын талқылады.

Әңгімелесу барысында жоғары деңгейде, соның ішінде Ильхам Әлиевтің биыл 20-21 қазан күндері Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Ал Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан президентін 19 желтоқсанда құттықтап қойған еді

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Президенті Ресейге ТМД елдері басшыларының дәстүрлі бейресми басқосуына барып қайтқан болатын. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының бейресми саммитіне қатысады делінгенімен, соңғы сәтте одан бас тартқан. 

Yorumlar
Diğer Haberler