Зеленский: Украинаға қатысты шешімдер жасырын қабылданбауы тиіс

519
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/PfHP7Dy0xYlQI0xxzazHjQq5wCPL4xakM6QMpCWx.jpg

Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен қақтығысты аяқтауға қатысты қарапайым шешімдер қабылданбайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мәселе шешім қабылдаудың қиындығында емес. Мен оларды қабылдауға ниеттімін. Ең бастысы, бәрі әділ әрі ашық болуы тиіс. Украинадан жасырын ешқандай келісім жасалмауы керек. Біздің еліміз бен болашағымыз туралы Украинасыз ештеңе шешілмеуі тиіс»,-деді Зеленский.

Украина басшысы шекараға қатысты мәселелерді, Ресейдің мұздатылған активтері мен қауіпсіздік кепілдіктерін «ең сезімтал» әрі «ең күрделі» тақырыптар деп атады. Ол Киевтің АҚШ, Еуропа және басқа да серіктес елдерден «қуатты қауіпсіздік кепілдіктерін» күтетінін атап өтті.

«Менің ойымша, осы үш мәселе — ең маңызды және ең сезімтал тақырыптар. Біздің командалар әрі қарай жұмысын жалғастыра береді», — деп қосты Зеленский.

Айтуынша, Киев АҚШ-тың қантөгісті тоқтату қажеттігі жөніндегі мәлімдемелерімен толық келіседі.

«Біз соғысты аяқтауға дайынбыз. Бірақ оны Ресей бір жылдан кейін қайта басып кірмейтіндей етіп аяқтауымыз керек. Олар Украинаға шабуыл жасау мақсатына жете алмады. Бірақ олардың ниеті өзгерді деп сенімді түрде айта алмаймын. Олар тек кейінге қалуы мүмкін. Сондықтан бізге қорғау қажет», – деп жазды Зеленский.

Yorumlar
Diğer Haberler