Аналардың жанайқайынан соң. Президент әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өткізді

316
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/P2lzXHJ7tCoPNFqUnb60OeYc0ymzKcXIsfXjXtxm.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардағы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өтті. Бұл туралы бүгін, 3 желтоқсанда Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жиында Бас прокурор Берік Асылов, Ішкі істер министрі Ержан Сәденов, Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов әскери және құқықтық тәртіпті сақтау шаралары, сондай-ақ әскерилер арасында жүргізіліп жатқан тәрбие жұмыстары туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар әскердегі құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдары басшылары қызметінің түрлі аспектілері қарастырылды.

Президент заң мен тәртіпті одан әрі қамтамасыз етуге, әскердегі тәрбие жұмысын жетілдіруге, әскери қызметшілердің мерт болуына және жарақат алуына жол бермеу бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

Еске салайық, 10 қараша күні Астанада әскерде қаза тапқан я мертіккен сарбаздардың туыстары митиңгіге шығып, марқұмдардың өлімін әділ тергеуді және әскерді реформалауды талап еткен болатын.

 

Yorumlar
Diğer Haberler