2 жыл 6 ай. Жеті жастағы қызды қаққан жүргізуші сотталды

810
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/9Rw7x8sMqptVyZkaDWqTEArSTT1rWO5WoM6cnwlh.webp

Алматыда анасының көз алдында жеті жастағы қызды қағып, өлімге себеп болған жүк көлігінің жүргізушісі 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қайғылы оқиға биыл 2 сәуір күні Алатау ауданында болған. Тергеу дерегінше, Renault маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Бурундай көшесімен келе жатып, "Жаңа" көшесімен қиылысқан жерде жаяу жүргіншілер өткелінен өтпек болған баланы қағып кеткен.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада қыздың жолды кесіп өтпек болып, автобустың өтіп кетуін күткені, бірақ жүк көлігінің көру аймағына түспей қалғаны байқалады. Оқиға баланың анасының көз алдында болған. Әйел айқайлап, жолға жүгіріп шыққанымен, бәрі кеш болған.

Алатау аудандық соты жүргізушіні ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша ("Жол қозғалысы ережелерін бұзу, абайсызда адамның өліміне әкеп соқтыру") кінәлі деп таныды.

Сот шешімімен айыпты 2 жыл 6 айға бас бостандығынан және 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Апелляциялық сот алғашқы үкімді күшінде қалдырды, тек материалдық шығынды өтеу бөлігінде аздаған өзгеріс енгізілді.

Айта кетейік, марқұмның туыстары қазаға автобус жүргізушісін кінәлайтыны туралы хабарлаған едік.

Yorumlar
Diğer Haberler