Тең мүмкіндік – баршаға ортақ қоғам

395
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/1FqpEYPScueO4yPfZ4lT9sFh1QiAL446jLOjuVGV.jpg

Қоғамдағы мүгедектігі бар жандардың ортаға толыққанды сіңісіп, басқалармен тең өмір сүруі, еңбек етуі, білім алуы және қоғам өміріне еркін қатысуы үшін, сондай-ақ белгілі бір шешімдер қабылдауына мүмкіндік жасау мақсатында кедергілерді еңсеруге бағытталған нақты шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Осы орайда Батыс Қазақстан облысында да ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Өйткені ерекше қажеттіліктегі адамдарға қамқорлық көрсету – қоғам алдындағы парыз. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын әлеуметтік қорғау жүйесінің басты принципі – оларды қоғамға етене араластыру арқылы тыныс-тіршіліктің барлық саласына қосу болып табылады.

БҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Абдолов Жақсылық Каримоллаұлының мәліметінше, өңірде жалпы мүгедектігі бар адамдар саны – 25 276 адам соның ішінде еңбекке жарамды жаста – 14 074 адам, зейнет жасында – 7 888 адам бар.

І топтағы мүгедектігі бар адамдар – 3 503,

ІІ топтағы – 9 232,

ІІІ топтағы –9 227 адам.

18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар саны –3 314, оның ішінде 7 жасқа дейінгі балалар – 1 052.

Бірінші топтағы балалар – 332, екінші топтағы –926, үшінші топтағы – 1 004баланы құрайды.

«Әлеуметтік қызметтер порталы» іске қосылды

2021 жылдың басынан бастап «Оңалтудың техникалық құралдары» ұлттық жоспары шеңберінде әлеуметтік қызметтерді алушылар мен жеткізушілерге бірыңғай цифрлық алаңда тікелей өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік беретін «Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі іске қосылды.

2025 жылдың 1 қазанына дейін 16 381 мүгедектігі бар адамға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен әлеуметтік қызметтер (ымдау тілі маманының, жеке көмекшінің қызметі) бойынша 13 747 адам қамтамасыз етілген, бұл жалпы санының  83,9%  құрайды.

Мүгедектігі бар адамдарды медициналық оңалту бағытында:

– 1 771 адам  протездік-ортопедиялық көмекпен,

– 1 761 адам санаторий-курорттық емделумен қамтылды.

Әлеуметтік оңалту бағытында:

– 457 адам сурдологиялық көмекпен,

  1 676 адам тифлотехникалық құралдармен,

– 581 адам кресло-арбамен,

– 6 449 адам міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын 784 адам жеке көмекші қызметін, 268 адам  ымдау тілі маманының қызметін алды.

БҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Абдолов Жақсылық Каримоллаұлының айтуынша, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің  inva.gov.kz  порталы арқылы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы жаңартылған «Қолжетімділіктің интерактивті картасы»  енгізілді.

Аталған порталға барлық  1 740 нысан тіркелген, олардың 1 222-сі немесе 71%  толық бейімделген.

Осы ретте, 2023 жылдан бастап жаңадан – 20%, 2024 жылы – 40%, ал 2027 жылға дейін барлық нысандар 100%  бейімделуі тиіс.

Жыл басынан бері әлеуметтік инспекторлар әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарына мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша 198 тексеру  жүргізді. Нәтижесінде  44 ұйғарым  беріліп, жалпы сомасы 18,1 млн теңгеге 49 әкімшілік айыппұл  салынды. Биылғы жылы 2 тексеріс жүргізіліп,  550,4 мың теңге  көлемінде айыппұл салынды.

Инватакси қызметі толық жұмыс істейді

Орал қаласы мен аудандарда қолжетімділікті қадағалау мақсатында арнайы мониторингтік топ құрылып, жұмыс істеуде. Оның құрамында мемлекеттік орган мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері бар.

Облыс бойынша Инватакси қызметіне әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жергілікті бюджеттен 546,3 млн теңге қарастырылған. Қазіргі уақытта 1 360 мүгедектігі бар адам , соның ішінде 641 бала инватакси қызметін пайдаланып отыр.

Жүйелі жұмыспен қамту – мүмкіндіктердің кілті

Мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту – қоғамның дамуы мен әлеуметтік әділдіктің айқын көрсеткіші. Бүгінде ерекше жандардың еңбек нарығына араласуы, кәсібін табуы және өз ісін ашуы бағытында Батыс Қазақстан облысында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.

2025 жылдың басынан бері облыс бойынша мансап орталықтарына мыңнан астам мүгедектігі бар азамат жүгінген. Олардың бірнеше жүз адамы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылып, бір бөлігі тұрақты жұмысқа орналасса, басқалары қоғамдық жұмыстарға тартылды, кәсіптік оқуға жіберілді және өз кәсібін бастау үшін мемлекеттен грант алды.

Атап айтқанда,60 мүгедектігі бар адам өз бизнес-жобасын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік грантқа ие болды. Бұл олардың өз ісін ашып, қоғам өміріне белсенді араласуына үлкен мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, ерекше жандар  «Жастар практикасы»,«Күміс жас»  және  «Алғашқы жұмыс орны»  жобаларына қатысып, еңбек тәжірибесін жинақтап келеді. Бұл жобалар олардың кәсіби бейімделуіне және жұмыс берушілер тарапынан сенім артуына септігін тигізуде.

Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын арнайы квоталау жүйесі де жұмыс істейді. ҚР Әлеуметтік кодексі мен тиісті министрліктің бұйрығына сәйкес, жұмыс берушілер өндіріс сипатына қарай жұмыс орындарының 2–4 пайызы  көлемінде ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арнап орын белгілейді.

Биыл облыс бойынша 91 мүгедектігі бар адамға арналған жұмыс орны квоталанған, ал есепті кезеңде 42 азамат осы квота аясында нақты жұмысқа орналастырылды. Бұл – олардың еңбек нарығында өз орнын табуға бағытталған нақты нәтижелі жұмыстардың бірі.

Жалпы алғанда, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан мұндай қолдаулардың түпкі мақсаты – мүгедектігі бар адамдардың әлеуетін ашып, олардың қоғам өміріне белсене араласуына жол ашу. Ең бастысы – әрбір азаматтың қабілеті мен еңбегі еленіп, баршаға тең мүмкіндік жасалуда.

Yorumlar
Diğer Haberler