Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қала аумағында бой көтеріп жатқан әлеуметтік маңызы бар нысандар мен инфрақұрылымдық жобалардың құрылыс барысымен танысты.
Алдымен қала басшысы жаңадан салынып жатқан Өнер орталығының құрылыс алаңына барып, нысандағы жұмыстарды тексерді. Қазіргі таңда Өнер орталығының құрылыс жұмыстарының 95 пайызы аяқталған. Анықталған бірқатар кемшіліктерді жою жұмыстары жүргізілуде. Әкім нысанның сапалы әрі уақытылы аяқталуын қадағалау қажеттігін атап өтіп, мердігер мекемелерге тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, қала әкімі Бекзат ықшам ауданы мен Абылайхан көшесінде салынып жатқан жаяу жүргіншілер көпірлерінің құрылыс барысымен танысты.
Түркістан станциясының тұсында орналасқан ұзындығы 46 метрлік жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы 90 пайызға орындалған. Ал Түрік ауылындағы ұзындығы 141,7 метр болатын жаяу жүргіншілер көпірінің жұмыстары 65 пайызға жеткен.
Әзімбек Пазылбекұлы аталған жобалардың қала тұрғындары үшін әлеуметтік маңызы зор екенін атап өтіп, сапаны басты назарда ұстай отырып, белгіленген мерзімде толық аяқтауды мердігер мекемелерге тапсырды.