Ақтаудағы «Қорқыт ата» халықаралық кинофестиваліне белгілі актер Бурак Өзчивит келді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Түрік әртісі 1 қазанда қызыл кілемнен жүріп өтті. Салтанатты рәсім «Достық үйінің» алдындағы алаңда өтті.
Бүгін, 2 қазанда Бурак Өзчивитпен кездесу жоспарланып отыр. Оған аккредитациядан өткен 200 жанкүйер ғана қатыса алады.
Бурак Өзчивит «Ұлы дала: Османдар», «Ғаламат ғасыр», «Бозторғай» секілді жобаларда басты рөлдерде ойнаған.
Айта кетейік, Ақтауда өтіп жатқан шараға Түркия, Мажарстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Түрікменстан елдерінен, сондай-ақ Қазақстанның режиссерлары мен атақты актерлары қатысып жатыр. Фестиваль аясында түркі елдері фильмдері көрсетіліп, кинематографиялық саммит, кино саласының майталмандарымен шығармашылық кездесулер және аймақтың көрікті жерлеріне сапар ұйымдастырылады.