Белгілі актер Бурак Өзчивит Ақтауға келді

1646
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OorkX9bCmMbJanyC95BU5656UptphKVf0hs7bD8h.png

Ақтаудағы «Қорқыт ата» халықаралық кинофестиваліне белгілі актер Бурак Өзчивит келді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Түрік әртісі 1 қазанда қызыл кілемнен жүріп өтті. Салтанатты рәсім «Достық үйінің» алдындағы алаңда өтті. 

Бүгін, 2 қазанда Бурак Өзчивитпен кездесу жоспарланып отыр. Оған аккредитациядан өткен 200 жанкүйер ғана қатыса алады.

Бурак Өзчивит «Ұлы дала: Османдар», «Ғаламат ғасыр», «Бозторғай» секілді жобаларда басты рөлдерде ойнаған.

Айта кетейік, Ақтауда өтіп жатқан шараға Түркия, Мажарстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Түрікменстан елдерінен, сондай-ақ Қазақстанның режиссерлары мен атақты актерлары қатысып жатыр. Фестиваль аясында түркі елдері фильмдері көрсетіліп, кинематографиялық саммит, кино саласының майталмандарымен шығармашылық кездесулер және аймақтың көрікті жерлеріне сапар ұйымдастырылады. 

Комментарии
Другие материалы