«Ақ көл» қонақ үйі ашылды

1765
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Ew5vIrm7yoJDIkNUsOgv2m13DonolyKu78i48rlU.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Жергілікті атқарушы органдар әрдайым туризм инфрақұрылымын жан-жақты дамытуға баса мән беріп, осы жұмысқа жауапты болады», - дей келе, «Қазіргі уақытта ең өзекті мәселе - заманауи инфрақұрылым салу. Егер осы міндеттерді ойдағыдай орындасақ, еліміздің курорттары жер жүзіне танылып, Қазақстанның бетке ұстар ұлттық бренді болмақ», - деп ерекше атап өткен болатын. 

Бүгінде Казталов ауданында туризм саласы дамып келеді. Соның айқын көрінісі – «Ақ көл» қонақ үйінің бой көтеруі. Қонақ үйдің ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тлепберген  Қаюпов, аудан әкімі Асланбек Сарқұлов, облыстық мәслихат депутаты Самат Хасанов, БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Нұржан Өтепбаев, AQJAIYQ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация төрағасы Ержан Досмаков, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ БҚО бойынша аймақтық филиалы басшысы Тарас Шальга, «KAZAKH INVEST» ҰК АҚ өңірлік директоры Алтынбек  Тастеміров, «СММ Бизнестех» ЖШС директоры Жанаргүл Дүйсенова, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім және мекеме басшылары, округ әкімдері, ауыл тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 

 

Облыс әкімінің орынбасары Тлепберген Ерсайұлы аудан жұртшылығын жаңа қонақ үйдің ашылуымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. 

 

— Бүгін біз өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін үлкен маңызға ие нысан – «Ақкөл» қонақ үйінің ашылу салтанатына куә болып отырмыз. Бұл – жай ғана жаңа қонақ үй емес, бұл – өңіріміздің туризм әлеуетін арттыруға, жергілікті халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам. Бұл игі бастама – Ел Президенті айқындап берген стратегиялық бағыттың нақты жүзеге асуының жарқын үлгісі. Ақкөл – табиғаты ерекше, сұлу да көркем өлке. Мұнда балық шаруашылығын дамытып жүрген азаматтарымыздың еңбегі – ауыл экономикасына тың серпін беріп отыр. Ал енді туризмді өркендету жолында бой көтерген жаңа қонақ үй – туристердің келуіне, қонақжайлылық мәдениетін көтеруге, сондай-ақ жергілікті тұрғындардың жұмыспен қамтылуына үлкен мүмкіндік бермек,  — деді ол. 

Жеке кәсіпкер Сұлтан Сартаев «S-GROUPP» компаниясының туризмді дамытуға бағытталған жаңа жобасы – «Ақ көл» қонақ үй кешенінің аудан туризмін дамытуға қосар үлесіне тоқталды. 

— Бұл жоба – біздің өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және жергілікті халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған бастама. Бұл жобаның жалпы құны – 410 миллион теңге құрайды, оның ішінде 60 миллион теңгесі қазіргі танда қонақ үйге жұмсалды. Қазіргі уақытта «Ақкөл» қонақ үйі кешені 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр,  — деді кәсіпкер. 

«Ақ көл» қонақ үй кешені табиғат аясында орналасқан және заманауи талаптарға сай қызмет көрсетеді. Қонақ үйде барлығы 4 номер бар. Соның ішінде 2 адамға арналған жатын бөлмесі, 6 адамдға арналған замануи 3 номер бар. Бұл номерлар жалпы 20 адамды толық қамтиды. Қонақ үйде соған қоса ішкі инфақұрылымында банкет залы, ас бөлмесі, заманауи караоке және сыртқы аумағында жазғы демалыс орны мен тынығу аймағы ұйымдастырылған.

Сакрыл жағасындағы шағын қонақ үйдің ашылу салтанатына арналған лентасын Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тлепберген Қаюпов, жеке кәсіпкер Әлібек Сартаев қиды. 

Yorumlar
Diğer Haberler