Мемлекет басшысы Геннадий Головкинге алғыс айтты

817
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/0SVkq06SfQlgQPbDoAlsdpEL5ML0zHe4jQywg2r1.jpg

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бокс спортын Олимпиада бағдарламасына қайтаруға ықпал еткен әйгілі боксшы Геннадий Головкинге алғыс білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мемлекет басшысы чемпиондардың ел намысын қорғауы зор жауапкершілік екенін атап өтті. Оның айтуынша, спорттағы әрбір жеңіс – бүкіл халықтың абыройы мен мемлекеттің беделінің көрсеткіші.

«Біздің спортшылар әрбір жетістігімен ұлт денсаулығын нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосып келеді. Чемпион болу – елдің даңқын арттыру. Сондықтан мемлекет әрдайым спортшыларды қолдайды», – деді Президент бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде.

Сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиадаға дайындықты қазірден бастау қажеттігін атап өтіп, Лос-Анджелесте өтетін басты спорт додасында қазақстандықтардан жоғары нәтиже күтілетінін жеткізді.

Yorumlar
Diğer Haberler