Қытай өнімін шығара бастаған Смағұлов көлік арзандайды дейді

846
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/iSwowCpTDFpGTwuK1sF1ixJL8mCMmc96ghaGFO5O.webp

Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауыты алғашқы Chery, Changan және Haval маркалы көліктерін шығарып, ресми түрде жұмысын бастады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Осыған орай компания аталған брендтердің бағасын 7–15%-ға төмендететінін мәлімдеді.

Astana Motors негізін қалаушы Нұрлан Смағұловтың айтуынша, өндірісті жергіліктендіру көліктердің өзіндік құнын арзандатып, оларды халыққа қолжетімді етеді.

«Біз мемлекетпен келісім аясында өндірістің 30%-ын толық циклдік әдіспен (дәнекерлеу, бояу) жүзеге асыруға міндеттіміз. Бұл өз кезегінде бағаны төмендетуге мүмкіндік берді», – деді ол.

Жаңа зауыттың өндірістік қуаты жылына 120 мың көлікті құрайды. Қазіргі таңда 1700 адам еңбек етуде. Ал толық қуатқа шыққанда 3600 жұмыс орны ашылады деп күтіледі.

Жобаның жалпы инвестиция көлемі – 202 млрд теңге. Оның 37%-ы компанияның өз қаржысы болса, 63%-ы Қазақстан Даму Банкі мен Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы 9% мөлшерлемемен 15 жылға берілген қайтарымды несие.

Естеріңізге сала кетейік, зауыт құрылысына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы Алматыға жасаған сапары кезінде бастамашы болған.

Yorumlar
Diğer Haberler