Қазақстан Қорғаныс министрлігі маңызды хабарлама таратты

1661
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/FEwI0XsjqblEKRSU3gJKGNao6NpIvqbIqhXY8aI0.webp

Бүгін, 2025 жылғы 12 қыркүйекте, Қазақстан Қорғаныс министрлігінің (ҚМ) баспасөз қызметі маңызды ақпараттық хабарлама таратты, деп хабарлайды "Адырна".

ҚР қорғаныс ведомствосының Telegram-каналына сәйкес:

ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің жауынгерлік даярлық бағдарламасы шеңберінде Маңғыстау облысында "Батыс" және "Шығыс" өңірлік қолбасшылықтары әскерлерінің қатысуымен "Айбалта-2025" екіжақты жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Дайындық барысында осы жылдың 12 қыркүйегінен бастап бірқатар облыстардың аумағынан күш-құралдардың қозғалысы қарастырылған. Бөлімшелер (жеке құрам және әскери техника) аралас тәсілмен – темір жол және автокөлікпен жүріп өтеді, содан кейін тұрақты орналасқан пункттеріне қайтады.

ҚР Қорғаныс министрлігі аталған кезеңде жекелеген аудандарда уақытша шектеулер болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Азаматтардан сабыр сақтауды және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуді сұрады.

“Жалған мәліметтерді тарататындар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз”, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрілігін баспасөз қызметі

Yorumlar
Diğer Haberler