Қазақстанда жарты миллионнан астам адам жұмыссыз қалған

1952
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7cOZtRRqJKtqkCpnF5Do8fxVmgLEDNuLSyMnsjMI.jpg

2025 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстанда жарты миллионнан астам адам жұмыссыз қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы LS-ке сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, осы кезеңде 506 мыңнан астам қазақстандық жұмыс орнынан кеткен. Оның ішінде 91,8 мың адам түрлі себептермен жұмыстан шығарылса, 414,5 мың адам өз еркімен қызметінен кеткен.

Қызметкерлерді қысқарту салдарынан 7,7 мың адам жұмыссыз қалған. Еңбек тәртібін бұзғаны үшін 3 мыңнан астам қазақстандық жұмыстан шығарылған. Ал 2,8 мың адам екі тарапқа да тәуелсіз себептерге байланысты жұмыстан айырылды. Кәсіпорындардың жабылуы 758 адамның жұмыссыз қалуына әкелсе, лауазымға сай келмеу немесе біліктіліктің жеткіліксіздігі себебінен 265 адам жұмыстан босатылған. «Басқа себептер» санатына 77,2 мың адам кірген.

Жұмыссыз қалғандардың көбі өнеркәсіп саласында (88,7 мың), сауда және автокөлік пен мотоцикл жөндеу (75,5 мың), білім беру (60,7 мың), мемлекеттік басқару және қорғаныс (49,4 мың), денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету (47,5 мың) салаларында болған.

Кадрлар тұрақсыздығы ең жоғары салалар ретінде жылжымайтын мүлікпен операциялар (41,4%), жарнама және нарықты зерттеу (40,6%), бөлшек сауда (34,8%), кино, телебағдарлама және музыка өндірісі (28,3%), жұмыспен қамту қызметі (28,3%), туристік агенттіктер (24,3%) көрсетілген.

Өңірлер бойынша Алматыда 101,5 мың адам жұмыстан кеткен. Ал Астанада 59,6 мың, Қарағанды облысында 37,9 мың, Атырау облысында 36 мың адам жұмыссыз қалған.

Yorumlar
Diğer Haberler