«Қайрат» – «Селтик» матчының билеттері 1,5 сағатта сатылып кетті

1493
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/KrrJW6jo5gojXlZBKwSMjxmNCHb3qTKsqy9lfE2x.jpg

УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф іріктеу кезеңіндегі «Қайрат» – «Селтик» матчының билеттері небәрі 1,5 сағат ішінде сатылып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы клуб басшылығы мәлімдеді.

«SOLD OUT! «Қайрат» – «Селтик» матчының барлық билеттері сатылды! Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің қарымта матчы 26 тамыз күні сағат 21:45-те Алматының Орталық стадионында өтеді. Бұл матчқа рекордтық қызығушылық тіркелді – 100 мыңнан астам билетке өтінім түсті. Нәтижесінде билеттердің бүкіл қолжетімді бөлігі 1,5 сағатқа жетпей толық сатылып кетті»- делінген «Қайрат» футбол клубының Instagram парақшасында.

Көрермендерге матч басталардан 2–3 сағат бұрын стадионға келу ескертілді. Себебі кіреберісте тексеру шараларынан өту уақытына байланысты кезек пен ыңғайсыздық туындауы мүмкін. Сондай-ақ стадионға кіру үш қақпа арқылы жүзеге асатыны айтылды:

  • Абай даңғылы жағынан,
  • Сәтбаев көшесі жағынан,
  • Байтұрсынов көшесі жағынан.

Алайда «Қайрат» жанкүйерлері билеттердің тым тез сатылып айтуда. Олар билеттердің басым бөлігі алыпсатарлардың қолына түскенін айтады. Себебі танымал платформаларда билеттерді қайта сатуға арналған хабарландырулар пайда болған. Жанкүйерлер клуб басшылығынан шұғыл шара қабылдауды талап етіп, алыпсатарлардан билет алмауға шақырды.

Yorumlar
Diğer Haberler