Әлеуметтік желіде "орынсыз" жазба жариялағандар сотталады - Прокуратура

865
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/IeYA5gmyVlTmoqf2gv4VVFapWiusLjYo8XB0IOBB.jpg

Қарағанды облысының прокуратурасы әлеуметтік желілерде ұлтаралық сипаттағы жанжалға түрткі болатын жазбалар мен пікірлердің жиілеп кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қадағалаушы органның мәліметінше, мұндай әрекеттер үшін Қазақстан Қылмыстық кодексінің 174-бабына сәйкес 2 жылдан 7 жылға дейін, ал ауыр зардаптарға әкелген жағдайда 12 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Прокуратура өкілдері Instagram, TikTok, Threads секілді әлеуметтік желілерде әрбір қолданушының пікір білдіру еркіндігі бар екенін, алайда ол заң талаптарына қайшы келмеуі тиіс екенін атап өтті.

"Ұлтаралық араздықты қоздыру экстремистік қылмыс болып саналады. Мұндай құқықбұзушылық жасаған тұлғалар белсенді өкініп, жәбірленушіден кешірім сұраса да, бұл олардың қылмыстық жауапкершіліктен босатылуына негіз болмайды", – делінген ведомство хабарламасында.

Прокурорлар азаматтарды заңды сақтауға, әрбір жарияланым мен айтылған сөзге жауапкершілікпен қарауға шақырды.

"Қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты тек өзара құрмет пен құқықтық мәдениет арқылы сақтай аламыз", – деді қадағалаушы орган өкілдері.

Yorumlar
Diğer Haberler