Армения мен Әзербайжан шекара мәселесін бейбіт жолмен шешуге уағдаласты

1081
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/SNMWGor5AUPIOpRYATbV9CfIBCDCuTw5sNqNJt7u.jpg

Армения мен Әзербайжан бейбітшілік орнату және мемлекетаралық қатынастарды қалыптастыру жөніндегі алдын ала келісілген келісім мәтінін жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Құжатта екі ел бір-бірінің егемендігі мен аумақтық тұтастығын мойындайтынын, кез келген аумақтық талаптардан бас тартатынын және көрші мемлекеттің ішкі ісіне араласпауға міндеттелетіні айтылған.

Тараптар күш қолданбауға, ортақ шекара бойында үшінші елдердің әскери күштерін орналастырмауға, сенім мен қауіпсіздік шараларын енгізуге келісті. Сонымен қатар, шекараның делимитациясы мен демаркациясы жүргізіліп, дипломатиялық қатынастар орнатылады.

Келісім экономикалық, көлік, экологиялық, гуманитарлық және мәдени ынтымақтастықты көздейді. Сондай-ақ, қақтығыс кезінде із-түзсіз жоғалғандарды іздеу және қаза тапқандардың сүйектерін қайтару жұмыстары жүргізіледі. Бұрынғы барлық өзара шағымдар халықаралық инстанциялардан қайтарылады.

Келісімнің орындалуын екіжақты комиссия бақылайды, ал туындаған даулар бейбіт жолмен шешіледі. Құжат әзербайжан, армян және ағылшын тілдерінде дайындалған, ал даулы жағдайда ағылшын тіліндегі нұсқа басшылыққа алынады.

Yorumlar
Diğer Haberler