Құрылыс алаңындағы қауіп. Шығыс Қазақстанда ер адам көз жұмды

830
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ag91jIUY6tAT5ov3Lp1FTX8xsj8J5UBr2cXqN83z.webp

Шығыс Қазақстан облысында құрылыс жұмыстары кезінде трактор траншеяға аударылып, жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Оқиға Ұлан ауданына қарасты Бозанбай ауылында болған. 1981 жылы туған марқұмның артында төрт баласы қалғаны белгілі.

Қайғылы жағдайдан кейін оқиға орнына Шығыс Қазақстан облысының әкімі, Мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы және Ұлан ауданының әкімі барған.

"Мұндай жағдайларға бей-жай қарауға болмайды. Болған оқиғаның нақты себептері анықталуы тиіс. Еңбек қауіпсіздігі – біздің сөзсіз басымдығымыз", — деді облыс әкімі.

Облыс әкімі «ТМ Тепломир» ЖШС-нің су құбыры желілерін салу жұмыстарына байланысты жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды. Егер еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылғаны дәлелденсе, кінәлілер заң аясында жауапқа тартылады.

Сонымен қатар, өңір басшысы Ұлан ауданының әкіміне марқұмның отбасына барлық қажетті көмек көрсетуді міндеттеді.

Yorumlar
Diğer Haberler