«Қасым-Жомарт Тоқаев – әлем мойындаған саяси салмағы бар тұлға»

1296
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/03/tokaev.jpg

Саясаттанудан ғылым кандидаты, Ресей-Қазақстан баспасөз орталығының сарапшысы Виталий Млечин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты «әлем мойындаған саяси ауыр салмақтағы саясаткер» деп атады. 

Бұл пікір Ресейлік саясаттанушы Андрей Выползовтың авторлығымен жарияланған мақалада келтірілген.

Млечин Тоқаевты реалист деп сипаттап, оның сөздерінде пафос жоқ екенін атап өтті. Ол Қазақстан басшысының Ресеймен қарым-қатынасты дамытуға мүдделі екенін және өз мәлімдемелерінде көпвекторлы, прагматикалық сыртқы саясатты ұстанатынын көрсетті.

Сарапшы Тоқаевтың Германия канцлері Олаф Шольцпен Берлиндегі кездесуінде айтқан сөзін мысалға келтірді:

«Қазақстан – “АнтиРесей” емес. Біз Ресеймен жан-жақты ынтымақтастықты ұстанамыз. Екі ел арасындағы шекара – әлемдегі ең ұзын шекара».

Владимир Путин де Астанада өткен кездесулердің бірінде:

«Біз – одақтастармыз, стратегиялық серіктеспіз. Қарым-қатынаста түбегейлі кедергі немесе қайшылық жоқ», – деп мәлімдеген.

«Саяси сараптамалық топ» жетекшісі Константин Калачевтың айтуынша, Қазақстан көпвекторлы саясат ұстанса да, бұл одақтастықтан бас тартуды білдірмейді:

«Ресей мен Қазақстан – тең құқықты серіктестер. Екі елдің өзара іс-қимылы нақты жобалар арқылы бекіп отыр. Тоқаев – сенімді әріптес», – деді сарапшы.

Выползов интернетте Астананы Ресейден алшақтады деп айыптайтын материалдардың жиі жарияланатынын айтты. Алайда мұндай айыптаулар шындыққа сәйкес келмейді деп түйіндеді.

Yorumlar
Diğer Haberler