Алматыда жер астындағы газ жарылысы салдарынан екі адам зардап шекті

980
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/CToc9Xk6fz50LfBFzRNb7aMHZLrj6EeQP1uVkgZq.jpg

16 шілде күні Алматыда жаңадан салынған газ құбырына сынақ жүргізу кезінде жер астында газ жарылып, екі адам жарақат алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жарылыс сәтінде зардап шеккендер көліктің ішінде отырған. Жарылыстың қатты күшінен көлік ауаға ұшып, аударылып кеткен. Екі азамат Алматыдағы Қалалық орталық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, тексеру нәтижесінде пациенттерге «жұмсақ тіндердің соғылуы» диагнозы қойылған. Олардың жағдайы тұрақты, ауруханаға жатқызуды қажет етпейді. Зардап шеккендер амбулаториялық ем қабылдайды.

QazaqGaz Aimaq АҚ-ның мәліметінше, жарылыс орта қысымды жерасты газ құбырына сынақ жүргізу кезінде орын алған. Жұмысты мердігер ұйым – «СантехКомплектГрупп» ЖШС жүргізіп жатқан. Алдын ала ақпарат бойынша, ауа қоспасы сыртқа шығып кеткен.

Қазіргі уақытта оқиға орнында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Территория қоршауға алынып, тұрғындарға қауіп жоқ екені хабарланды.

Yorumlar
Diğer Haberler