Мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма – министрлік жауап берді

4427
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/e4a520b2-a41b-4b34-9c88-d8a25d2f35b8.jpeg
ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова соңғы қоңырау мерекелік шарасында мұғалімдерге гүл сыйлауға болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Соңғы қоңырау – бұл мұғалімдер мен оқушылар оқу жылының қорытындысын шығарып, білім алушылардың жетістіктерін атап өтетін көңілді әрі маңызды оқиға. Жыл сайын 1 қыркүйек немесе 25 мамыр қарсаңында қоғамда «Мұғалімге гүл сыйлауға бола ма және бұл заң бұзушылық болып саналмай ма?» деген сұрақ туындайды. Біздің ұстанымымыз - иә, болады. Бұл жақсы дәстүр ғой», - деді ол.
Республиканың барлық жалпы білім беретін мектебінде соңғы қоңырау мерекесін бір мезгілде өткізу жоспарланып отыр. Оған мектептің педагогикалық ұжымы, түлектер және олардың ата-аналары, педагогикалық еңбек ардагерлері, қамқоршылық кеңес мүшелері, демеуші ұйымдардың, Білім және ғылым министрлігі мен облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары білім басқармаларының өкілдері, білім бөлімдері, мүдделі мемлекеттік органдар және т.б. қатыса алады. Мектеп бітіру кешін білім беру ұйымы өзі ұйымдастырып, өткізуі керек. Рұқсат етілмейді:
– аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, әртістерді, мерекелік іс-шараларды өткізу үшін ақылы жеке студияларды тартуға; - мерекелік дастархандар жаюға; – жалға берілетін автокөліктерді тарта отырып, қала (аудан) бойынша экскурсиялар өткізуге; – мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлықтар алу үшін қаражат жинауға; - ойын-сауық мекемелерінде бітіру кештерін ұйымдастыруға.
Қазақстанның барлық мектебінде «Соңғы қоңырау» мерекесі 2022 жылғы 25 мамырда өтетінін еске сала кетейік. Ал аттестатты салтанатты түрде тапсыру рәсімі 2022 жылғы 16-17 маусымда өтеді.
Yorumlar
Diğer Haberler