Екпе ал да, автокөлік ұтып ал!

3604
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/06/ekpe.jpg
Ақтөбе облысында осындай атаумен 25 маусымнан бастап екпе алу науқаны өтеді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі.
Науқан екі кезең бойынша өткізіледі: 25 маусымнан 10 тамызға​ дейін және 11 тамыздан​ 25 қыркүйекке дейін.
Науқанға 25 маусым мен 25 қыркүйек​ аралығында облыс аумағында коронавирус инфекциясына қарсы​ кез келген​ екпенің бірінші компонентін алған тұрғындардың​ барлығы қатыса алады.​ Жеңімпаздар​ ​жергілікті «AQTOBE» телеарнасының тікелей эфирінде​ кездейсоқ тәртіпте​ анықталады.
Әр кезеңнің басты​ жүлдесі — 2021 жылы шыққан​ «Chevrolet Cobalt» маркалы автокөлік.
Сондай-ақ, науқан барысында смартфондар, планшеттер, спорттық велосипедтер, робот шаңсорғыштар мен​ смарт-сағаттар сияқты​ аралық​ жүлделер де​ ойнатылатын болады. Науқан демеушілердің қаражатына өткізілуде.​ Науқанның толық ережелерімен​ aktobe.gov.kz. сайтында танысуға болады.

"Адырна" ұлттық порталы.

Комментарии