Сара Назарбаеваның жағдайы күрт нашарлағаны айтылды

2847
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/img_8877-960x500.jpeg?token=e47988512ae774e66281686fb0a0da0d
Қазақстанның бұрынғы бірінші ханымы Сара Назарбаеваның денсаулығы нашарлаған. Бұл туралы Ulysmedia.kz жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазақстанның тұңғыш президентінің отбасы шеңберіне жақын дереккөздің мәліметінше, бұрынғы мемлекет басшысының зайыбы Сара Алпысқызының жағдайы ауыр, ал дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға дәрменсіз»,—деп жазды БАҚ.

Сара Алпысқызы 1941 жылдың ақпанында Қарағанды облысында дүниеге келген. 1962 жылы Нұрсұлтан Назарбаевпен отау құрған. Кейін ол «Бөбек» халықаралық балалар қайырымдылық қорын, «SOS – Қазақстанның балалар ауылдары» қорын құрды және еліміздің білім беру жүйесіне өзгерістер енгізуге тырысты. Оның бастамасымен мектептерде өзін-өзі тану пәні енгізілді. Алайда бұл идея кейіннен тоқтатылды.

Еске салайық, былтыр да әлеуметтік желіде Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған болатын. Алайда Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айдос Үкібай бұл хабарды жоққа шығарды. 2023 жылдың желтоқсанында жарық көрген мемуарларында бұрынғы президент Сара Алпысқызынан басқа әйелі бар екенін мойындаған.
Комментарии