Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тағы бір қылмыстық іс тергеліп жатқаны айтылды

1349
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/e099a2f9-f780-4270-aacf-06313a887da0-960x500.jpeg?token=5963992ef3995ebdfc8bdcd5e07b460d

Қайрат Сатыбалдының бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тағы бір қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «ҚазАқпараттың» ресми сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі “VOSTOCHKA” көпфункционалды тұрғын үй кешенінің құрылысы кезінде орын алған заңсыз әрекеттерге байланысты Г.К.Сатыбалды мен өзге де тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеп жатқанын мәлімдейді»,–делінген хабарламада.

Агенттік тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбайтынын атап өтті.

Еске салайық, 2024 жылдың тамызында сот Гүлмира Сатыбалдыны бас бостандығынан заңсыз айыру, бопсалау және озбырлық баптары бойынша кінәлі деп таныған болатын. Ол мүлкі тәркіленіп, 12 жылға сотталды.

Комментарии