Бейресми кездесу. Тоқаев пен Бердымұхамедов Түркістанда жолықпақ

1390
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/02/7ca94dba-e14b-4d79-b934-36983337ada5-960x500.jpeg?token=e7b4b32847df67f97e1900f70a1c7222
21–22 сәуір күндері Түркістан қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркіменстан Халк маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердымұхамедовтің бейресми кездесуі өтеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ақордаға сілтеме жасап. Келіссөздер барысында қазақ-түрікмен стратегиялық әріптестігін одан әрі нығайтудың перспективалары, сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланбақ. Биылғы қаңтар айында Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердымұхамедовпен телефон арқылы сөйлескен болатын. Әңгіме барысында қос ел арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту мәселелері қарастырылған. Тараптар қазақ-түрікмен қарым-қатынастарының қазіргі жоғары деңгейін атап өтіп, бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің энергетика, транзиттік-көлік және мәдени-гуманитарлық салаларда жүзеге асырылу барысын жан-жақты талқылаған. Аталған сөйлесуде өңірлік ынтымақтастық және бесжақты форматтағы алдағы іс-шаралар мәселелеріне ерекше назар аударылған.
Комментарии