Алматыда қоқыс өңдеу зауытынан бөлшектелген әйел мәйіті табылды

1187
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/policziya-kөligi-960x500.jpg?token=6126ce0faa44f46978476eb078b4846b

11 ақпан күні Алматыдағы Green Recycle қоқыс өңдеу кәсіпорны аумағында қоқыс сұрыптау кезінде әйел адамның бөлшектелген денесі табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Деректерге сүйенсек, марқұм 36 жаста болған. Тергеу барысында 9 ақпанда Әлмерек ықшамауданында жалға алынған үйде әйел мен оның азаматтық некедегі күйеуі арасында спирттік ішімдік ішу кезінде жанжал болғаны анықталды. Соның салдарынан ер адам әйелге бірнеше рет пышақ жарақатын салып, кейін денесін бөлшектеп, қоқыс контейнеріне тастаған.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі адам өлтіру фактісі бойынша Түрксіб ауданы полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам бірге ішімдік ішу барысында жанжал шығып, азаматтық некедегі әйелін өлтірген. Өзге мән-жайлар анықталуда", – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Комментарии