"Үлкендері шығып үлгерген". Қарағандыда тұрғын үй өртеніп, екі бала қайтыс болды

2167
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/81f40b87-7768-419d-81c6-012256e518ab-960x500.jpeg?token=67fde97ef47c203d4fc7b947e6156d7c
Қарағандыда тұрғын үйден өрт шығып, екі бала көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Қайғылы оқиға 9 қаңтарға қараған түні Пришахтинская көшесіндегі тұрғын үйде болған. Көміртегі тотығынан улану және күйік салдарынан екі бала қаза тапқан. Олар 2 және 4 жаста болған.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, 7 және 9 жастағы екі бала өртенген үйден өз бетінше шығып үлгерген.
"Жеке тұрғын үйдің бір бөлігінде шатыр, төбе және үйдегі заттар өртенген. Құтқарушылар келгенге дейін 2017 және 2015 жылы туған екі бала өздігінен шығып үлгерген, алдын ала мәлімет бойынша олар көміртегі тотығынан улану диагнозымен балалар ауруханасына жеткізілді. Оқиға орнына дереу келген өртсөндірушілер 1964 жылы туған әйелді құтқарды. Ол улану, күйік диагноздарымен Мақажанов атындағы клиникаға жатқызылды. Сондай-ақ, құтқарушылар 2020 және 2022 жылы туған екі баланың денесін тапты", - деді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі өкілі.
Ресми мәліметтерге сәйкес, өрттің жалпы ауданы 50 шаршы метр болған. ТЖМ күштерімен өрт толығымен ауыздықталды.
"Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Өрт дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды және сараптама тағайындалды", - деді ведомство өкілі.
Комментарии