Алматы әуежайындағы тұрақ бағасы 1 қаңтардан бастап қымбаттайды

71
Adyrna.kz Telegram

Алматы халықаралық әуежайы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жолаушылар терминалдары жанындағы тұраққа жаңа тариф енгізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Әуежай басшылығы бұл қадамды пандус құрылысына жұмсалған шығындарды өтеу және тұрақ инфрақұрылымын одан әрі жақсарту қажеттілігімен түсіндіреді.

Әуежай әкімшілігінің мәліметінше, тұрақ сапасын арттыру мақсатында бірнеше жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Оған екінші қабатқа жаңа пандус салу, тұрақ орындарының санын көбейту және нөмірді автоматты түрде тану жүйесін енгізу сияқты заманауи технологиялар кіреді.

«Біз тұрақты барынша ыңғайлы етуге тырысамыз. Оның қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру үшін жүйелі түрде жаңартып, жақсартып отырамыз. Бұл клиенттеріміздің жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдар», – деп атап өтті Алматы әуежайының өкілдері.

Жаңа тарифтердің нақты мөлшері туралы ақпарат жақын күндері жариялануы мүмкін. Тұрақ бағасының көтерілуі жолаушыларға ыңғайлы әрі заманауи қызмет көрсету үшін жасалып отырғаны айтылды.

Еске салайық, Алматы халықаралық әуежайы – Қазақстанның ең ірі әуе қақпасы.

Комментарии