Алматы қаласының соты мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы – Нұрасыл Болатқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Нұрасыл Болат Тұрлыханов көшеде ерлі-зайыптыларды ұрғаны үшін сотталған болатын. Ол екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Осы уақыт ішінде ойын-сауық орындарында баруға тыйым салынған. Пробациялық бақылау шаралары электронды білезік арқылы жүргізіледі.
Алайда Тұрлыхановтың ұлы шектеу шараларын сақтаған жоқ. Түнде караокеге барған, ал 11 қазанда "Қазақстан" қонақ үйіндегі мейрамханада видеоға түсіп қалды.
Бүгін Алматы қаласының соты Нұрасыл Болатқа пробациялық шектеулерді бұзғаны үшін үкім шығарды.
Оған сәйкес, бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылды. Енді ол қалған 1,5 жыл жазасын қауіпсіздігі орташа колонияда өтейді. Депутаттың ұлы сот залында қамауға алынды.
В 2023 году местными исполнительными органами города Конаев и районов определены неиспользуемые пастбищные угодья 601 субъекта общей площадью 285,5 тыс. га
Увеличение финансирования, новые школы и бесплатные обеды: аким Алматинской области Марат Султангазиев рассказал, какие новшества вводятся с этого учебного года для учащихся