Қазақстан шекарасынан 15 шақырым жерде Оралдың Ресей аймағында бөгет бұзылды

2101
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/orsk.jpg
Орынбор облысындағы Орск қаласында (Жайық өзенінің бойында Қазақстан шекарасынан 15 шақырым жерде орналасқан – дерек) бөгет қирады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  «Орск қаласында бөгет бұзылды. Су тасқыны аймағында орналасқан үйлерден қала тұрғындары эвакуациялануда», - деп хабарлады жұма күні ресейлік төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері. Жедел қызметтер 4 мыңға жуық жеке тұрғын үй су басу аймағында қалуы мүмкін екенін айтты. Сол үййлерде жалпы алғанда 10 мыңға жуық адам тұрады. «Ескі қалада бөгеттің бір бөлігі бұзылды», - деп түсіндірді Орынбор облысының үкіметі. Ескі Орск аумағынан көшіру үшін алты уақытша орналастыру пункті дайындалды. Әзірге ҚР Төтенше жағдай министрлігі аталмыш аймақтағы жайтқа қатысты мәлімдеме жасамады.
Комментарии