Орынбор облысындағы Орск қаласында (Жайық өзенінің бойында Қазақстан шекарасынан 15 шақырым жерде орналасқан – дерек) бөгет қирады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
«Орск қаласында бөгет бұзылды. Су тасқыны аймағында орналасқан үйлерден қала тұрғындары эвакуациялануда», - деп хабарлады жұма күні ресейлік төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері.
Жедел қызметтер 4 мыңға жуық жеке тұрғын үй су басу аймағында қалуы мүмкін екенін айтты. Сол үййлерде жалпы алғанда 10 мыңға жуық адам тұрады.
«Ескі қалада бөгеттің бір бөлігі бұзылды», - деп түсіндірді Орынбор облысының үкіметі.
Ескі Орск аумағынан көшіру үшін алты уақытша орналастыру пункті дайындалды.
Әзірге ҚР Төтенше жағдай министрлігі аталмыш аймақтағы жайтқа қатысты мәлімдеме жасамады.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз