400 млн теңге. «Қазақфильм» киностудиясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

3768
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/06/aқsha-ұrlyқ-960x500.jpg?token=07b09061101e3d7f0b4d393f7315d507

Прокурорлар Алматыда ұлттық кинематографияны қолдауға бөлінген бюджет қаражатының ұрланғанын әшкереледі, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Алматы қаласының прокуратурасы «Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм» акционерлік қоғамын тексеру қорытындысы бойынша, бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. ​Мәліметтерге сүйенсек, фильм түсіруге бағытталған 400 миллион теңгеден астам қаражат жымқырылған. Сотқа дейінгі тергеуді Экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр. Еске сала кетейік, 2021 жылдың қаңтарында «Қасым хан» тарихи сериалының түсірілімі кезінде 30 миллионға жуық теңгенің ұрланғаны белгілі болды. Тергеу барысында аталған қылмысқа қатысы бар тұлғалардың қызмет бабын пайдаланып, пиротехникалық заттарды сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлағаны дәлелденді.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии